Қазақтың тұңғыш жер серігі Kazsat пен Байқоңыр болашағы [ 12 бет ]


Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
а) Байқоңыр: Кеше. Бүгін. Ертең
б) Қазақтың тұңғыш жер серігі «Kazsat» пен Байқоңыр болашағы «Бәйтеректің» көлеңке тұстары мен күнгей жақтары
в) Байқоңыр ғарыш айлағындағы экологиялық мәселелер

ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі. Оның тұңғыш қазығы 1955 жылы қаңтардың 12–де қағылды. Байқоңыр – ғарыш аймағы – Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында орналасқан.
Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтіп оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы тағы басқа факторлар ескеріледі. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: тех тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар тағы басқа көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия тағы басқа жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың әрбір түріне сәйкес бір немесе бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына орналасқан бірнеше спорттық кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүние жұзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігін орбитаға шығарды. Байқоңырдан тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңырға одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық өрнегіне айналды. Байқоңырдан күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері «Восток», «Восход», «Союз», «Пргресс» ғарыш кемелері «Салют», «Мир», орбиталық станциялары, сондай – ақ, зерттеу – барлау жұмысын жүргізуге арналған «Космос», ғылыми – тәжірибелік жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайдаланатын және метеорал бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор» тағы басқа жердің жасанды серіктері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ – лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 жылы 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров «Союз Т - 13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтеріледі. Ресеймен бірлескен баңдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта екі рет (1994,1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандақтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасында Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ.Тоқмұхамедов, В.Мәжіғұлов, Т.Уәлиев, Қ. Әбілғазин, полк Ә. Исмаилов, М. Құлымгеров, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б.Ешімов, Қ.Нұрмұқанов, Р.Құлмырзаев, М.Мұқанов тағы басқа болды.
Қазақстан азаматы, ұшқыш – сынақшы, майор М.з. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының қаласына қайтарылып, 1993 жылы Ресей Федерациясына берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптаы байқалды. Байқоңыр кешенінен Қ.Р-сы аумағында 30-35 мың тонна ұлы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді.
Байқоңыр: Кеше. Бүгін. Ертең.
1957 жылы 15 мамырда Байқоңыр ғарыш аймағынан тұңғыш континентаралық баллистикалық зымыран ұшырылды. Ал, 4 қазанда жасанды жер серігі орбитаға шығып, дүниежүзін дүр сілкіндірді. Америка Құрама Штаттарының әскери ғалым мамандары қаншама тырысса да кеңестік ғалымдардан 5 ай кешігіп қалды.
Ғарышқа адам ұшыру мақсатында ондаған иттер, басқа да жәндіктер орбитаға шығарылады. 1961 жылдың бас кезінде қуыршақ манекен (Иван Иваныч) ұшырылды. Ол белгіленген ауданға дәл қонып, ғарышқа адам ұшу кезеңін жақындатты.
1961 жылы сәуірдің 12–сі адамзат баласының тарихындағы ең бір ұмытылмас өрелі күн. Осы күні адам алғаш рет ғарыш кеңістігіне ұшып шықты. 1961 жылы сәуірдің 12 – ші жұлдызында Мәскеу уақытымен таңертеңгі 9.03 – те әйгілі конструктор, екі дүркін Социалистік Еңбек Ері, академик Сергей Павлович Коралвтің командасы бойынша КСРО – да бірінші болып Ю.А. Гагарин ғарышқа самғады. Бұл таңғажайып оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.
Ғарыш аймағынан зымырындар ғарыш кеңістігіне қарай басты – басты 5 түрлі мақсатпен ұшырылатынын білеміз.
Біріншісі: зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш кемелері. Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді.
Екіншісі: тасымал кемелері. Онымен құрал – жабдықтар мен аппаратуралар, адамдардың өмір сүруіне қажетті азық – түлік, су, киім – кешек, ең аржағы оттегіне дейін осы зымырандармен жерден тасымалданады.
Үшіншісі: әскери мақсаттағы зымырандар. Олардың не зерттеп, не тындырып жатқаны, әрине, бізге құпия. «Зымыран құралдарымен жерде жатқан «Правда» газетінің тақырыптарын оқуға болады» дегенді талай – талай естідік. Демек, ол жердегі қыбырлап жүрген адамдар, әсіресе әскери адамдар не істеп, не тындырып жатыр деген сұраққа жауар алу үшін таптырмайтын құрал. Оның сыртында ғарыш кеңістігінен шапқын салатын лазерь қаруы дегеннің пайда болғанын, отты басы ғарышқа шығып алған соң онға, отызға бөлініп, әрқайсысын өз алдына дербес қаруға айналатын зымырандарды тағы білеміз. Міне, соның бәрінің бабын тауып, аясына келтіретін осы әскери зымырандар.
Төртіншісі: байланыс – жер серіктері. Біздің түрлі – түрлі құрлықтармен телефон байланысымызды былай қойғанда, үйіміздегі телефондар арналарына дейін осы жер серіктері арқылы жұмыс істейді. Мұны дәлелдеп жату бүгінде көзіқарақты адамға артық.
Бесіншісі: Планетааралық ғарыш кемелері. Осы жерден жеті айлық ғарыш жолы бар Марсқа әлденеше зымырандардың ұшырылғанын білеміз. Айға да алғаш зымырандар осы Байқоңырдан қонып, зымыранның айдан ұшып шығып, жерге қайтып оралуы дер едік. Бұл өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында жүзеге асырылған шаруа. Сондай – ақ, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегендей ғарыш кеңістігіне еркін самғауға қоя берген және текте бір мәлімет алып тұратын зымырандар да болды. Олардың ғылым үшін не бергенін Ресейдің ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы біледі, біздің білетініміз – жылма – жыл жүздеп ұшырылып жатын, зымырандардың әрқайсысы Сыр бойының экологиясына белгілі дәрежеде кері әсерін тигізетіндігі.
Косманавтиканың табыстарын, жетістіктерін айтқан кезде, оның жолындағы қиындықтарды да, тіпті құрбандықтарды да айтпай кетуге болмайды. Сонау Байқоңырдың ортасында генерал Неделин бас болған бір топ ғарыш қызметкерлерінің бейіті жатыр. Олар космодрамда ұшқалы тұрған ракетаның жарылуынан қаза тапқандар. Тамаша азамат – қабілетті инженер Владимир Камаров орбитадағы бар жұмысын атқарып, жерге қона берген кезде парашюттің бауы оралып қалып, келесі жерге қатты соғылып, жарылып кеткен. Сол сияқты Ақтөбелік жерлесіміз Владимир Пауаев өзінің екі серігімен бірге ғарыш сапарының қайтып келгенде, кеменің ішкі қабырғасы сөгіліп кетіп, үшеуі бірден қаза тапты. Мұндай құрбандықтар шежіресі, өкінішке орай, азаяр емес.
Ендігі бір басы айқындалмаған мәселе – Байқоңырдан ұшып шыққан ракеталар солтүстік – шығысқа қарай бағытталғанда жолда Жезді, Ұлытау, Қарсақбай, Жаңарқа елді мекендері жатады. Осы жерлерден тұратын 30 мыңнан астам адам, міне, 50 жыл бойы осы қауіптің құшағында отыр. Ракеталардың бірінші сатылары осы елді мекендерге құлап түсіп жатады. Соншама жыл, соншама ракеталардың алғашқы сатылары түсіп жатса да, бір ғана ғажабы адамдар одан тікелей қаза болмаған, оның себебі ракеталар Байқоңырдан шыққаннан кейін ылғи иесіз, немесе елді мекендері сирек бағытпен ұшатын және ол бағыттар қатаң сақталатын.
Міне, соның әсерінен де адамдар аман қалып келеді.
Бірақ оларға жәрдем – көмек көрсету қажет. Бір кезде осы аймақтың адамдарына жәрдемақы беру жөніндегі қабылданған қаулы болатын, кейін оны тоқтатып тастады. Ал шынында жыл сайын осы аймақтарда тұратын адамдарға белгілі бір мөлшерде нақтылы жәрдем көрсетіп тұруға болады ғой. Сол жәрдемді аламын деп қызығып, байырғы тұрғындарынан басқа ешкім басқа жақтан келе қоймас. Жалпы есептегенде, бұл жерде 30 мыңдай адам тұрады екен. Қайткенде де соларға Ресейден алатын қаржының есебінен нақтылап ақша бөлу қажет. Енді бұдан былай космосқа өз еркімен ұшып барып қайтатын бай туристердің саны көбейе беретін болар. Бір адам ұшқаны үшін 20 млн $ - ға дейін ақша төлейді. Сол қаржыдан да Қазақстан өз үлесін алып отыратын болады деп мәлімдеді Ресей жағы.
Байқоңыр – біздің космодром. Сонау 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағанда әрбір одақтас республика өзінің жерінде тұрған техникалық құрал – жабдықтарға ие болып қалғанда Байқоңыр түгелдей (бүкіл одақ болып салған біздің меншігімізге көшкен. Сонда оның бары дүние – мүлкінің бағасы 51 миллиард $ болатын. Ресей мен екі арада шарт жасасып, оны жиырма жылға жалға берген едік. Жылына ол үшін Қазақстан 115 миллион $ алып тұрады.
Сондай – ақ, Байқоңырдың болашағы туралы айтатын болсақ. Байқоңыр космодром айналаны қоршаған ортаға зиян келтірумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.
Байқоңыр космодромын Ресейге жалға бергенде, Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасына жылына 115 миллион АҚШ $ береді. Космодромды жөндеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей Федерациясы жылына 25-40 млн $ жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 млн $ кіріс кіреді. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтылған. Белгіленген мерзімде жалақыларын ай сайын алып тұрады. Қалада осы кезде 13 жалпы білім беретін мектпе, оның 5 –еуі қазақ балаларына арналған, біреуі ғана аралас мектпе. Халықаралық космостық мектеп, Мәскеу авиация институтының бөлімшесі бар. Онда 83 қазақстандықтар оқып білім алды. Денсаулық сақтау орындарын, білім беретін мекемелерді, қарттарға зейнет ақыны Ресей Федерациясы қаржыландырып отырды.
Ал егер Байқоңыр космодромын жауып тастаған күнде Қазақстан Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтын сөзсіз. Соның мысалы (жай ғана) жергілікті халықтың жұмыспен қамтамасыздандыруы.
Сондықтан да, Байқоңырдың Қазақстанға берері мен берешегі мол, Ғарыштық державалар қатарына қосуға мүмкіндік беретін желдегі ең ірі алаң осы – Байқоңыр алаңы.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Панова Г.Г. Влияни компоненттер ракетного топлива на почвенно – растительную систему. Санк – Петербург, 1997. с7
2. Сагимбаев Г.К. Экология и экономика.//Алматы: Қаржы – қаражат, 1997. с.65
3. Бурдаков В.П., Еланский Н.Ф., Филин В.М. Влияние запусков ракет «Штати» и «Энергия» на озонный слой земли //Вестник Ан СССР, 1990, № 12. С. 72-75
4. Хорухая Т.А. Методы оценки экологической опосности. М: ЭБТ – Контур, 1998 с.186
5. Макдональд А. Дж, и др. Ракеты с двигателями на химическам топливе: влияния на окружающую среду. Аэрокосмическая техника, 1991 №9. 96с
6. Шигаева М.Х. и др. Мутогены и комутагены окружающей среды. Алматы: Ғылым, 1994. с 6-7.

      
      Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Байқоңыр: Кеше. Бүгін. Ертең
б) Қазақтың ... жер ... ... пен ... ... көлеңке тұстары мен күнгей жақтары
в) Байқоңыр ғарыш айлағындағы экологиялық мәселелер
ІІІ. ... ... ұлы ... бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш
рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ... ... ... ... ... қазығы 1955 жылы қаңтардың 12–де қағылды. Байқоңыр – ғарыш аймағы –
Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында ... ... салу үшін ... ... алу ... бұл ... елді
мекендерден қашық болуы, ракета ... ... ... ... ... үшін қолайлы қону аймақтарының болуы тағы ... ... ... ... және көмекші объектілері мен қызмет
ету орындары кең аймаққа орналасқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: тех
тұғырлар, ... ... мен ұшу ... ... ... ... ... әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар тағы басқа көмекші
және қызмет көрсету объектілеріне: отын ... ... ... ... ... ... ... энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер,
байланыс жүйесі, ... тағы ... ... ... ракета тасығыштың
әрбір түріне сәйкес бір немесе бірнеше техникалық ... және ... ... ... ... кешендер салынған. Байқоңырдың ұшу
трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін ... ... 1957 жылы ... Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол
дүние жұзіндегі ең ... ... ... серігін орбитаға шығарды.
Байқоңырдан тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш ... ... ... одан ... де ... ... игеруде көптеген жаңашыл
бастамалардың старттық ... ... ... ... ... ... ... серіктері «Восток», «Восход», «Союз», «Пргресс»
ғарыш кемелері «Салют», «Мир», орбиталық станциялары, сондай – ақ, ... ... ... ... ... ... ... – тәжірибелік жұмыстар
жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», ... ... ... және ... ... ... ... «Молния», «Экран»,
«Горизонт», «Радуга», «Метеор» тағы басқа жердің жасанды ... ... ... және ... ... ... ғарыш аппараттары
бар РТ – лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 жылы 2 ... ... ... ... ... Т - 13» ғарыш ... ... ... ... бірлескен баңдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А.
Мұсабаев ғарышта екі рет (1994,1998) болды. Байқоңыр ... ... ... әр
жылдары түрлі мамандақтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың
арасында ... ... ... ... ... ... Қ. Әбілғазин, полк Ә. Исмаилов, М. Құлымгеров, Қ. Нұрмағамбетов,
С. Мұхаметқалиев, Б.Ешімов, ... ... ... тағы
басқа болды.
Қазақстан азаматы, ұшқыш – сынақшы, майор М.з. Рафиков ... ... Ю.А. ... ... дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш
алаңы 1991 жылы Қазақстан Республикасының қаласына ... 1993 ... ... ... Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық
зардаптаы байқалды. Байқоңыр кешенінен Қ.Р-сы аумағында 30-35 мың ... ... ... ... ... ... Қарағанды, Павлодар, Шығыс
Қазақстан облыстарына зиян келтіреді.
Байқоңыр: Кеше. ... ... жылы 15 ... ... ... аймағынан тұңғыш континентаралық
баллистикалық зымыран ұшырылды. Ал, 4 қазанда жасанды жер серігі орбитаға
шығып, дүниежүзін дүр ... ... ... ... әскери ғалым
мамандары қаншама тырысса да кеңестік ғалымдардан 5 ай кешігіп қалды.
Ғарышқа адам ... ... ... ... ... да жәндіктер
орбитаға шығарылады. 1961 жылдың бас кезінде қуыршақ манекен (Иван Иваныч)
ұшырылды. Ол белгіленген ... дәл ... ... адам ұшу ... жылы ... ... ... баласының тарихындағы ең бір ұмытылмас
өрелі күн. Осы күні адам ... рет ... ... ұшып ... 1961 ... 12 – ші ... ... уақытымен таңертеңгі 9.03 – те ... екі ... ... Еңбек Ері, академик Сергей Павлович
Коралвтің командасы бойынша КСРО – да бірінші болып Ю.А. ... ... Бұл ... ... бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.
Ғарыш аймағынан зымырындар ғарыш кеңістігіне қарай ...... ... ... ... ... зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш ... ... онда ... ... ... ... ... Онымен құрал – жабдықтар мен
аппаратуралар, адамдардың өмір ... ... азық – ... су, киім ... ең ... ... ... осы зымырандармен жерден тасымалданады.
Үшіншісі: әскери мақсаттағы зымырандар. Олардың не зерттеп, не ... ... ... құпия. «Зымыран құралдарымен жерде жатқан «Правда»
газетінің тақырыптарын оқуға болады» ... ...... ... ол ... қыбырлап жүрген адамдар, әсіресе әскери адамдар не істеп,
не тындырып жатыр деген сұраққа жауар алу үшін ... ... ... ғарыш кеңістігінен шапқын салатын лазерь қаруы дегеннің ... отты басы ... ... ... соң ... ... бөлініп,
әрқайсысын өз алдына дербес қаруға айналатын зымырандарды тағы білеміз.
Міне, соның ... ... ... аясына келтіретін осы әскери зымырандар.
Төртіншісі: байланыс – жер серіктері. Біздің түрлі – түрлі құрлықтармен
телефон байланысымызды былай ... ... ... ... осы жер ... арқылы жұмыс істейді. Мұны дәлелдеп жату бүгінде
көзіқарақты ... ... ... ғарыш кемелері. Осы жерден жеті айлық ғарыш
жолы бар Марсқа әлденеше ... ... ... Айға да ... осы ... ... ... айдан ұшып шығып, жерге қайтып
оралуы дер едік. Бұл ... ... ... ... жүзеге асырылған
шаруа. Сондай – ақ, ... ... ... ... дегендей ғарыш
кеңістігіне еркін самғауға қоя ... және ... бір ... алып ... да ... ... ғылым үшін не бергенін Ресейдің ғарыш
кеңістігін зерттеу орталығы біледі, ... ...... – жыл жүздеп
ұшырылып жатын, зымырандардың әрқайсысы Сыр ... ... ... кері ... ... табыстарын, жетістіктерін айтқан кезде, оның жолындағы
қиындықтарды да, тіпті құрбандықтарды да айтпай кетуге болмайды. ... ... ... ... бас болған бір топ ... ... ... Олар ... ... ... ... қаза тапқандар. Тамаша азамат – қабілетті инженер Владимир
Камаров орбитадағы бар жұмысын ... ... қона ... ... ... ... ... келесі жерге қатты соғылып, жарылып кеткен. Сол сияқты
Ақтөбелік жерлесіміз Владимир Пауаев өзінің екі ... ... ... ... ... ... ішкі қабырғасы сөгіліп ... ... қаза ... ... ... шежіресі, өкінішке орай, азаяр емес.
Ендігі бір басы айқындалмаған ...... ұшып ... ...... ... ... жолда Жезді, Ұлытау,
Қарсақбай, Жаңарқа елді мекендері жатады. Осы жерлерден тұратын 30 мыңнан
астам ... ... 50 жыл бойы осы ... ... отыр. Ракеталардың
бірінші сатылары осы елді ... ... ... ... ... ... ... алғашқы сатылары түсіп жатса да, бір ғана ғажабы
адамдар одан тікелей қаза ... оның ... ... ... ... ылғи ... ... елді мекендері сирек бағытпен ұшатын
және ол бағыттар қатаң ... ... ... де ... аман ... ... ... жәрдем – көмек көрсету қажет. Бір кезде осы аймақтың
адамдарына жәрдемақы беру жөніндегі қабылданған ... ... ... ... тастады. Ал шынында жыл сайын осы аймақтарда тұратын адамдарға
белгілі бір мөлшерде ... ... ... ... ... ғой. ... аламын деп қызығып, байырғы тұрғындарынан ... ... ... келе ... ... ... бұл ... 30 мыңдай адам тұрады
екен. Қайткенде де соларға Ресейден алатын қаржының есебінен ... ... ... Енді ... ... ... өз еркімен ұшып барып қайтатын бай
туристердің саны көбейе беретін болар. Бір адам ұшқаны үшін 20 млн $ - ... ақша ... Сол ... да ... өз ... алып ... деп ... Ресей жағы.
Байқоңыр – біздің космодром. Сонау 1991 жылы ... ... ... одақтас республика өзінің жерінде тұрған ... ... ... ие ... ... ... ... (бүкіл одақ болып салған
біздің меншігімізге көшкен. ... оның бары ...... ... ... $ ... ... мен екі арада шарт жасасып, оны жиырма жылға
жалға берген едік. Жылына ол үшін ... 115 ... $ алып ... – ақ, ... ... туралы айтатын болсақ. Байқоңыр
космодром айналаны қоршаған ортаға зиян келтірумен ... ... ... ... де ... ... ... отыр.
Байқоңыр космодромын Ресейге жалға бергенде, Ресей ... ... ... 115 миллион АҚШ $ береді. ... ... онда неше ... ... салу үшін ... ... ... млн $ жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда,
одан 17 млн $ ... ... Осы ... ... ... және оның ... мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам ... Олар ... ... Белгіленген мерзімде жалақыларын ай сайын ... ... осы ... 13 жалпы білім беретін мектпе, оның 5 ... ... ... ... ғана ... мектпе. Халықаралық космостық
мектеп, Мәскеу авиация институтының бөлімшесі бар. Онда 83 қазақстандықтар
оқып білім алды. Денсаулық сақтау ... ... ... мекемелерді,
қарттарға зейнет ақыны Ресей Федерациясы қаржыландырып отырды.
Ал егер ... ... ... тастаған күнде Қазақстан
Республикасы көптеген қолайсыз жағдайларға ұшырайтын ... ... ... ... ... халықтың жұмыспен қамтамасыздандыруы.
Сондықтан да, Байқоңырдың Қазақстанға берері мен берешегі мол, Ғарыштық
державалар қатарына қосуға мүмкіндік беретін желдегі ең ірі алаң осы ... ... ... жер серігі «Kazsat» пен Байқоңыр болашағы
«Бәйтеректің» көлеңке ... мен ... ... ...... ... артта қалғанына қарамастан,
Қазақстан ғарышты игеруге ұмтылыс танытуда. Сол ... ... ... ... ... іске ... тиіс үлкен мақсаттар қойып отыр. Бұдан
басқа байланыс спутнигін ұшыру, ғарыштық – спутниктік тасымалдау ... ... ... зерттеу жүргізу жүйелерін дамытуда көзделген.
«Kazsat» - тіршілік көкжиегін ... ... ... ... ... гәп ... Ғарыштық мемлекет
мәртебесіне ие болған ел өзі ... алып ... ... бағдарлманың маңызы
мен мәтін басқаларға түсіндіріп, оның бейбіт мақсатты көздейтіндігін ант ... ішіп ... ... – ақ (мысалы, анау иран секілді) алаңсыз жұмыс
істей бере алады. Биылғы жылы, яғни 2006 ... 18 - ... ... ... Ресейдегі М. В. ... ... ... ...... ... мамандары жасаған
«Kazsat» атты қазақстандық байланыс спутнигі ұшырылды. Біз «Kazsat» арқылы
біздің ел ... ... ... ... ... ... қана ... спутник қабылдайтын басқа шетелдік хабарларды да тарата алады.
Сонымен қатар «Kazsat» ... ... ... ... ... ... арғы ... жатқан өңірді де, тіпті Саратов пен Орынбор тәрізді
Ресей ... да ... Егер ... жағы біздің техникамызды аз
мөлшерде болса да ... ... онда олар да ... мен Орал ... байланыс мәселелерін оң шешетін болды. Спутниктің мүмкіндігін
пайдаланығысы келетін көршілерімізге байланыс қызметтерін ... ... ... ... екі – ақ ... ... өтеп ... Оның қамту
аумағына Қазақстан мен қоса Орталық Азия ... мен ... ... ... баршамызға белгілі. ... ... ... ... жер ... экваторының үстінен 40 мың
шақырым орналасқан. Ресей Федерациясының Президенті В. ... ... ... ... ... жоқ ... ... ғарыштық держава
ретінде қалыптасу жолындағы ... жаңа ... Біз ... ... ... бірлескен үлкен бағдарламасына жолсалудамыз»
- дегенді айтты. Ал Қазақстан Президенті ... ... ... ... ... ... бұл ... келешегінің кемел
болатынына зор сенім ... Бұл идея ... ... ... 50 елдің құрамына кіру жөнінде алға ... ... ... ... – дәл ... ... ... кемелері қазақ жеріндегі Байқоңыр аймағынан
ұшырылады, қазір Ресейдің көптеген зымырандары осы ... ... ... мен ... егіз ұғым ... Бұл жер ... осы ... одан әрмен нығайтады.
Байқоңырдың болашағы – «Бәйтерекке» тәуелді.
«Бәйтерек» - Ресейліктермен ... ... ... бағдарлама болатын.
«Бәйтерек» бірлескен кәсіпорынның (БК) негізгі міндеті – пайдаланылып
отырған ғарыш ... ... ... ... ... ... ғарыштық ракеталық кешен салу. Бұл жоба «Байқоңыр» ғарыш айлағында
«Ангара» атты старттық және ракета алып жүретін ... ... ... ... - сөз жоқ, ұлттық ғарыштық бағдарламаның ең маңызды
іргетасы болып саналды. Ол аса маңызды үш ... ... ... ... Біз ... мал ... елдерден ғарыштық
державаға айналып, АҚШ, ... ... ... секілді елдер
қатарына кіреміз.
2) Экологиялық жағы. Біз ... ... ... ... ... ... Қазақстанның ғарыш саласы бойынша ... ... ... ... кешенін зымырандарды, планетааралық кемелерді
ұшыруүшін жер үстіне, геостацонарлық шеңберге шығаруға, әрі ... ... ... ... ... ... болады.
Жалпы бұл жобаның іргетасы 2004 жылы ... мен ...... пен ... ... ... ... тиімді
пайдалануға байланысты ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол ... ... ... ... сәйкес, Ресейдің «Байқоңыр» кешенін жалға
алу мерзімі 2050 жылға дейін ... ... ...... ... ... «Ангара» атты старттық және
ракета алып жүруші ... ... ... ... ... ... да, ... мен Қазақстанның ғарыштық
бағдарламаларын іске асыру үшін де пайдаланылады.
Байқоңыр ғарыш айлағындағы ... ... ... ... ... ортаға ерекше әсер ететін
кейінгі кезде ғана байқала бастады. Соңғы кезде космодром орналасқан ... ... ... ... жан – ... ... ... ... ... ... әсер ... байқалады. Ол
туралы қолымызды бірнеше ғылыми деректер бар. Мысалы, Қарағандыоблысының
экологиясын ... ...... жүргізген жұмыстарының
қорытындыларына қарағанда, ... ... ... ... ... ұшып кеткеннен кейін, жаз айларында 5-8 күн бойы күшті жел
тұрып, қара ... ... ... ... ... ... ауданның
жергілікті тұрғындары да растайды. Ал ... ... ... ... ... 2-3 күн бойы қарлы боран соғатыны ... ... ... ... 40-50 күн бойы ... жел ... ... Мұндай
құбылыстар космодром орнамай тұрған уақытта болмағанын жергілікті
тұрғындар ... ... ... болмасын, ұшырылатын космос корабельдері мен
оларды космос кеңістігіне шығарушы зымырандар айналаны қоршаған ... ... ... енгізетіні кейінгі кезде ... ... ... ... ... ... корабльдері және басқадай космостық аппараттар
табиғи жолмен ғасырлар бойы қалыптасқан ауа ... ... ... ... ... болды;
2. Космос корабельдерін тасымалдайтын зымырандардың пайдаланатын
орындары ұлы (радиоактивті) қосылыстардан тұратын ... ... ... ... тыс ... әкеп ... ... кеңістігіне ұшырылған зымырандар өсімдік ... ... ... әсер ететінінің арнаулы түрде
жүргізілген ғылыми ... ... ... ... тірі ... тіршілік табиғи ортасы кенет
бұзылып, ... ... ... өте ... ... өзгеріс туатыны байқалды;
4. Жер бетінде зымырандардыың ... ... ... ... оны ... ( ол ... де ... қосылыстар
бар). Ол жер не егін егуге, не мал жаюға жарамай қалады.
Ғарыш аймағы соншама пайдалы екен, Ресей неге оны ... ... ... ... ... Қазақстан жерін несіне жаулап отыр? Неге
оны болашақта 50 жыл ... ... Олар ... айлағын көшірмейді де,
орналастырмайды да. Өйткені әрқайсысы ғарыш айлағы аталатын ... ... өз ... ... мен ... ең алдымен азаматтарын
қорғағылары ... олар үшін өз ... ... азон ... өзен – ... ... керек. Соңғы жылдары әйелдердің қан
аздығы, ақ қан (лейкоз) уруымен ... ... ... ... ... ... арасында өзіне - өзі қол салу сияқты жантүршіктірер оқиғаның
көбейіп кетуі, мал ауруларының ең жаы, тағы ... ... ... ... – жылға көбейіп жатыр. Бүгінгі қала халқына жеке үй ... ... бұл ... әзір ... мен ақбас деп аталатын шөптен басқа ... ... ... таңсық емес. Содан – соң уланып жатқан
дария ... ... бар. ... ... Сыр бойы ... арасында сары
ауру, тырысқақ, іш сүзегі, асқазан – ... ...... ... ... оның да ... ... бір ұштығы осы ғарыш айлағынан көкке
көтеріліп жатқан зымырандарға барып тіріледі.
Космонавтиканың жетістіктері мен ... ... ғана айта ... ... ... ... тұрмасқа?
Қорытынды
Байқоңырдың болашағы туралы сөз қозғалғанда, сол қалада тұратын
жерлестеріміздің ... ... ... мен ... ... ... де назарда ұстаған жөн болмақ. Өйткені, бұл қаланың Қазақстан
меншігі бола ... ... ... ... тіршілік ететіні баршамызға
белгілі. Қазақстан заңының күші ол жерде ... ... ... қалай
ашынбасын?
Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып,
қазіргі кездегі ... ... шешу ... ... ... ... Ал бұл ... жету үшін мен мынадай ұсыныстар айтар едім:
- Қуатты зымырандардың ұшырылуын ... ... ... мен бау – бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді
химиялық қосылыстарды ... ... ... ... ... ... ... және тасымалдауда
қауіпсіздік шараларын сақтау;
- ... суы, ... ... жан – ... ... жұмыстарын
жүргізу
- Зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың ... ... ... айтқанда, біз атмосфералық «Байқоңыр» ғарыш айлағынан
зымырандардың жанармай ... мен Арал ... ... ... ... ... ... толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін
баса айтқым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Панова Г.Г. Влияни компоненттер ... ... на ... ... ... Санк – Петербург, 1997. с7
2. Сагимбаев Г.К. Экология и экономика.//Алматы: Қаржы – қаражат, 1997.
с.65
3. Бурдаков В.П., Еланский Н.Ф., ... В.М. ... ... ... и ... на озонный слой земли //Вестник Ан СССР, 1990, №
12. С. 72-75
4. Хорухая Т.А. ... ... ... ... М: ЭБТ ... 1998 ... Макдональд А. Дж, и др. Ракеты с двигателями на химическам топливе:
влияния на окружающую среду. Аэрокосмическая техника, 1991 №9. 96с
6. ... М.Х. и др. ... и ... ... ... Алматы:
Ғылым, 1994. с 6-7.

Пән: Астрономия
Жұмыс түрі: Реферат
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге